Алина Тоқбай
Мен сіздерге өзініздің эмоцияларынызбен жұмыс жасауға үйретемін.



Таныс болайық?
Достар, жақынырақ танысайық. Менің есімім Токбай Алина. Өзімнің 23 жасымда мен өте қызықты өмірлік жолыма түстім – психология жолына! Бүгінде мен психолог және НЛП-практикпін, менің жолым енді басталуда және мен өте қуаныштымын!Тағдыр жолында өз миссияңды түсініп және күн сайын өз эмоцияларынды бақылап, денең мен ішкі жан дүниеннің, жүрегіңнің қалауын сезіну-бұл керемет, достар!


Бұл Әлемнің өзі сен үшін қуанып, саған көмек қолын созатын жағдай. Менің курстарым дәл осы туралы, эмоцияларды бақылау, позитивті қалыпты сақтап оны үлкейту, өмір ағымымен бірге болу жайлы! Өмір ағымымен бірге болған күй біздің өмірімізге қалаған заттар мен керек адамдарды тартады, ал осы күйді сезініп, осы күймен бірігіп, осы толыққан күйден ендігі адаспаудың жолын – мен сіздермен бөлісемін!

Дәл осы сәтте мен өзімнің жеке бірегей тәжірибемді өткеріп жатырмын.

Әр күн сайын, оқыған әдебиеттер, мені қоршаған адамдар көмегімен, өткен келген тәжірибені жоғарылату курстары мен жеке терапияның арқасында мен өзімнің білмейтін қырларымды ашып, өзімді шынайы көре алатындай шебелікке үйренудемін. Өмір дәмін сезініп, өзінің эмоцияларынды тани білу және өмірлік вибрацияларды жоғарылату – бұл таңғажайып саяхатпен тең!

Менімен бірге болыныздар, Достар!

Менің курстарым

4 сағат
3998 тг
«Айырылысу – өзіне келер жолда бір белес»
Егер сен Mental Mind платформасында болсан, онда тура жолда екеніңе сенімді бол! Сіздерге менің психология жолына қалай келгенім қызық болар?

Мектеп кезінен, мен жанымдағыларды тыңдауды, олардың оқиғаларын тыңдап, олармен бірге барлық жайтты өткеріп, эмоцияларын бірге бөлісіп, бәріне көмек қол ұшын осылай бергім келетін. Жоғары оқу орнында оқи келе, тәжірибе алмасу және адамдармен жұмыс істеу барысында мен арамыздағы кері байланыстан ляззат алатынмын. Себебі, мен олардың өзгерісіне, жағдайдың жақсы өріске бұрылуына себепші болатынымды байқайтынмын. Адамдармен жұмыс жасау- менің өмірімде, жанымның тыныштығын орнататын пазл ретінде болғанын енді түсінудемін. Сіздерге осы платформаға кіріп, іздеген жан қалауыңызды табуыңызға тілектеспін.

Өзіңізбен кездесуге апаратын жол – сізде болуы керек ең маңызды нәрсе, достар!

Попробуйте послушать наши медитации утреннего созидания
Настройся за 5 минут на прекрасный день с помощью медитаций всего за 998 тг!